Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің Көктас ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 мамырда № 6423-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның 2022 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде, Қаршығалы ауылдық округінің Көктас ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округі Көктас ауылының көшелері қайта аталсын:

      Новая көшесін Сарыарқа көшесіне;

      Молодежная көшесін Болашақ көшесіне;

      Тельман көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      Гагарин және Заготзерно көшелерін Жібек жолы көшесіне;

      Абая көшесін Абай көшесіне.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаршығалы ауылдық округінің әкімі Н. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады