"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 56 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6914 нөмірімен тіркелген);
2) "Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 72 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7567 нөмірімен тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |