Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарының түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекiту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 297-55/5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7236 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Кутухуджаев |
Қызылорда қалалық мәслихаты 2023 жылғы 12 мамырдағы № 36-3/21 шешіміне қосымша |
Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | 1 есептік бірлігіне жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,15 |
2,52 | |||
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,56 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,82 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,76 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,52 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,35 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,62 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,62 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 2,00 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,26 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,046 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,036 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,037 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,62 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,31 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,52 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,43 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | 0,82 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,44 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,28 |
21 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 1,15 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 2,52 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,24 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,62 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,32 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,88 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,46 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,64 |
29 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,68 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,073 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,25 |
Аббревиатураның толық жазылуы:
АЖС – автожанармай құю станциялары;
м2 – шаршы метр;
м3 – текше метр.