Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарының түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекiту туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 297-55/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 7236 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 36-3/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 12.05.2023 № 36-3/21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатыШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнiң 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері осы шешiмнiң 2 және 3-қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.

      3. "Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді әкету туралы" Қызылорда қалалық маслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 85-13/3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде №5852 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезектен тыс ХХХХХV сессиясының
төрағасы, Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы
Р. БУХАНОВА

  Қызылорда қалалық мәслихатының
2020 жылғы 4 ақпаны
№ 297-55/5 шешіміне 1-қосымша

Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарының түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1 есептік бірлікке жылдық нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,3
1,8

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,23

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,75

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,70

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,43

6

Емханалар

1 келіп кету

0,23

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,41

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,54

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

2,04

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,26

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1м2

0,046

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,036

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1м2

0,037

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1м2

0,54

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1м2

0,2

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1м2

0,15

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1м2

0,24

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1м2

0,26

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1м2

0,75

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1м2

0,38

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1м2

0,22

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1м2

1,06

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, жанармай құю бекеттері, гараждар

1 машина орын

2,25

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,15

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,46

26

Шаштараз, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,28

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1м2

0,74

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1м2

0,38

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,50

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1м2

0,57

31

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,063

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

1,41

      Қысқартылған сөздердің түсіндірмесі:

      м2 – шаршы метр, м3 – текше метр.

  Қызылорда қалалық мәслихатының
2020 жылғы 4 ақпаны
№ 297-55/5 шешіміне 2-қосымша

Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және қайта өңдеуге арналған тарифтері

Атауы

Есептiк бiрлiк

Баға, теңгемен
(ҚҚС қосқанда)

1

Заңды тұлғалар және жеке кәсiпкерлер

1 м3

2145

2

Жайлы үйлер

1адам/айына

232

      Қысқартылған сөздердің түсіндірмесі:

      м3 – текше метр, ҚҚС - қосылған құн салығы.

  Қызылорда қалалық мәслихатының
2020 жылғы 4 ақпаны
№ 297-55/5 шешіміне 3-қосымша

Қызылорда қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифi

Атауы

Есептiк бiрлiк

Баға, теңгемен
(ҚҚС қосқанда)

1

Жеке, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер

1 м3

600

1 тонна

3000

      Қысқартылған сөздердің түсіндірмесі:

      м3 – текше метр, ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады