"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөл шері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Кутухуджаев |