Қызылорда қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 45-5/1 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 8438-11 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылорда қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөл шері 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И. Кутухуджаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады