Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 77 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 8448-11 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қармақшы ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қармақшы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә. Қошалақов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесімен

  Қармақшы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 77 шешімімен бекітілген

Қармақшы ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қармақшы ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қармақшы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – әлеуметтік көмек алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      6) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      7-1) алынып тасталды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 25.09.2024 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      8) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын арнаулы комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 22.04.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 ақпанынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады); 25.09.2024 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      5. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне – 435 (төрт жүз отыз бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге – 435 (төрт жүз отыз бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 60 (алпыс) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық

      сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2) 25 қазан - Республика күні:

      мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға - 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      3) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балаларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 25.09.2024 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын) көрсетіледі.

      Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары әлеуметтік көмекке мұқтаждық туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей жүгінеді:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келген жағдайда әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай көрсетіледі:

      қайтыс болған әрбір отбасы мүшесіне - бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2) Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектеулі деп танылған азаматтарға (отбасыларға):

      туберкулез ауруымен амбулаториялық емдеуде жүрген адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай - 7,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын.

      3) "Бакалавр" дәрежесін алуға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын студенттерге, өтініш берген уақыттың алдыңғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, атап айтқанда:

      мүгедектігі бар балаларға, жетім балаларға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінде, балалар ауылында тәрбиеленушілерге, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер, ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, толық емес отбасыларындағы балаларға;

      табысы аз отбасылардан шыққан балаларға отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда тағайындалады;

      студеттерге әлеуметтік көмек оқу жылының басында төленетін оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде және тамақтануға мен тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін 72 (жетпіс екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір реттік төлемнен тұрады.

      4) Санаторий-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен ілесіп жүретін адамға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      5) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 22.04.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 ақпанынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады) шешімімен.

      7. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      8. Мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 25.09.2024 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Қармақшы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      10. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      11. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      12. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Қармақшы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 77 шешіміне қосымша

Қармақшы аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8159 болып тіркелген);

      2. "Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы № 11 "Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларын бекiту туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 90 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25139 болып тіркелген);

      3. "Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы № 11 "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 201 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28891 болып тіркелген);

      4. "Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы № 11 "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 247 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31258 болып тіркелген).

Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 8 сентября 2023 года № 77. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 15 сентября 2023 года № 8448-11.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Кармакшинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Кармакшинского района.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Кармакшинского районного маслихата по перечню согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Кармакшинского районного маслихата Ә. Қошалақов
      "СОГЛАСОВАНО"
Коммунальным государственным
учреждением "Управление координации
занятости и социальных программ
Кызылординской области"

  Утверждены решением
Кармакшинского районного маслихата
от 8 сентября 2023 года № 77

Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Кармакшинского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Кармакшинского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Кармакшинского района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) социальная помощь – помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее – МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели социальной помощи), а также к праздничным дням и памятным датам;

      4) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи – коммунальное государственное учреждение "Кармакшинский районный отдел занятости и социальных программ";

      5) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      6) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      7-1) исключен решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 25.09.2024 № 201 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);

      8) участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решениями акима поселка, сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      9) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 22.04.2024 № 149 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 25.09.2024 № 201 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Меры социальной поддержки, предусмотренные пунктом 4 статьи 71, пунктом 3 статьи 170, пунктом 3 статьи 229 Социального Кодекса Республики Казахстан, подпунктом 2) пункта 1 статьи 10, подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, подпунктом 2) пункта 1 статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      5. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) День Победы - 9 мая:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР), партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны - в размере 435 (четыреста тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащие действующей армии и флота, партизаны и подпольщики Великой Отечественной войны, а также рабочие и служащие, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов - в размере 435 (четыреста тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - в размере 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак - в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      ветеранам боевых действий на территории других государств – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      военнослужащие, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и

      аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения – в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний - в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей.

      2) День Республики - 25 октября:

      лицам с инвалидностью и детям с инвалидностью - в размере 3 (три) месячных расчетных показателей.

      3) День Независимости – 16 декабря:

      лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел – в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      пострадавшими от политических репрессий признаются дети жертв политических репрессий, находившиеся вместе с родителями или заменявшими их лицами в местах лишения свободы, в ссылке, высылке или на спецпоселении, а также дети жертв политических репрессий, не достигшие восемнадцатилетнего возраста на момент репрессии и в результате ее применения оставшиеся без попечения родителей или одного из них – в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции решения Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 25.09.2024 № 201 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      Отдельные категории нуждающихся граждан обращаются за социальной помощью не позднее трех месяцев с момента наступления нуждаемости:

      1) при причинении ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара социальная помощь оказывается без учета среднедушевого дохода:

      на каждого умершего члена семьи единовременно - в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      в случае причинения вреда гражданину (семье) имуществу (при наличии подтверждающего документа) в размере 150 (сто пятьдесят) месячных расчетных показателей.

      2) Лицам (семьям) признанные ограниченными жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих:

      социальную помощь лицам, больным туберкулезом, находящимся на амбулаторном лечении без учета среднедушевого дохода ежемесячно в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      родителям или иным законным представителям детей состоящим на диспансерном учете с гематологическими заболеваниями, включая гемобластозы и апластическую анемию без учета среднедушевого дохода - ежемесячно в размере 7,6 месячных расчетных показателей;

      родителям или иным законным представителям детей, инфицированных вирусом иммунодефицита человека состоящим на диспансерном учете без учета среднедушевого дохода ежемесячно в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      3) Студентам высших учебных заведений Республики Казахстан, обучающимся по очной форме, на оплату высшего образования с присуждением степени "бакалавр", для социально-уязвимых слоев населения, а именно:

      детям с инвалидностью, детям-сиротам, детям, получающих государственное социальное пособие по случаю потери кормильца, детям, оставшихся без попечения родителей, воспитанникам детских домов, детской деревни, детям оба родителя которых являются пенсионерами по возрасту, оба или один из родителей является лицом с инвалидностью, детям из многодетных семей, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детям, обучающимся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, после среднего образования, высших учебных заведениях, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания ими учебных заведений (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста), имеющим среднедушевой доход семьи за предыдущий квартал обращения не превышающий трехкратного размера прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;

      детям из малообеспеченных семей назначаются в случае, если среднедушевой доход семьи не превышает величину прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;

      социальная помощь студентам, выплачивается в начале учебного года, который состоит из единовременных платежей в размере стоимости образовательных услуг, предоставляемых учебными заведениями и частично покрывающих затраты на питание и проживание в размере 72 (семьдесят два) месячных расчетных показателей.

      4) Лицам, сопровождающим лиц с инвалидностью первой группы на санаторно-курортное лечение, без учета среднедушевого дохода предоставляется в размере 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей, на основании заявления с приложением документов, указанных в пункте 12 Типовых правил.

      5) Социальная помощь лицам, освобожденных из мест лишения свободы предоставляется единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей.

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 22.04.2024 № 149 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Порядок оказания социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      8. Социальная помощь к праздничным дням оказывается без истребования заявлений от получателей.

      Категории получателей социальной помощи определяются МИО, после чего формируются их списки путем направления запроса в Государственную корпорацию либо иные организации.

      Сноска. Пункт 8 – в редакции решения Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 25.09.2024 № 201 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Кармакшинского района на текущий финансовый год.

      10. Социальная помощь предоставляется в денежной форме путем перечисления на счета получателей социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.

      11. Излишне выплаченные суммы социальной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

      12. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган по оказанию социальной помощи с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение к решению
Кармакшинского районного маслихата
от 8 сентября 2023 года № 77

Перечень утративших силу некоторых решений Кармакшинского районного маслихата

      1. Решение Кармакшинского районного маслихата от 16 февраля 2021 года № 11 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8159);

      2. Решение Кармакшинского районного маслихата от 2 ноября 2021 года № 90 "О внесении изменения в решение Кармакшинского районного маслихата от 16 февраля 2021 года № 11 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 25139);

      3. Решение Кармакшинского районного маслихата от 25 июля 2022 года № 201 "О внесении изменения в решение Кармакшинского районного маслихата от 16 февраля 2021 года № 11 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28891);

      4. Решение Кармакшинского районного маслихата от 15 декабря 2022 года № 247 "О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 16 февраля 2021 года №11 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 31258).