Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 675 "Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6544 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | М. Тлеумбетов |