Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.11.2023 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.11.2023 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.11.2023 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Р. Бектемир | |
2023 жылғы 21 ақпандағы | |
№ 12 қаулысына | |
1- қосымша |
2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.12.2023 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидиялар көлемі | Субсидиялар сомасы, теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 10 000 | 50 | 500 000 |
Барлығы: 500 000 | |||||
Қой шаруашылығы | |||||
2 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
2.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 4000 | 10 | 40 000 |
2.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2500 | 20 | 50 000 | |
3 | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 15 000 | 1 | 15 000 |
Барлығы: 105 000 | |||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
4 | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
4.1 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 1 895 540 | 94 777 000 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен | |||||
4.2 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 268 680 | 13 434 000 |
Барлығы: 108 211 000 | |||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
5 | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 1 | 100 000 |
Барлығы: 100 000 | |||||
Түйе шаруашылығы | |||||
6 | Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 1 | 100 000 |
Барлығы: 100 000 | |||||
Жергілікті бюджеттен бюджет қаражаты есебінен: | |||||
7 | Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | ||||
7.1 | Ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 2 367 | 47 340 000 |
7.2 | Ұсақ малдың аналық басы | 5000 | 51 081 | 255 405 000 | |
7.3 | Жылқылардың аналық басы | 20 000 | 29 046 | 580 920 000 | |
7.4 | Түйелердің аналық басы | 20 000 | 16 550 | 331 000 000 | |
8 | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 1 371 | 75 405 |
Барлығы: 1 214 740 405 | |||||
2022 жылда резервке (күту парағы) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар | |||||
9 | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
9.1 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 393 482 | 19 674 100 |
10 | Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | ||||
10.1 | Ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 728 | 14 560 000 |
10.2 | Ұсақ малдың аналық басы | 5 000 | 20 826 | 104 130 000 | |
10.3 | Жылқылардың аналық басы | 20 000 | 8 816 | 176 320 000 | |
10.4 | Түйелердің аналық басы | 20 000 | 3 730 | 74 600 000 | |
11 | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 609 | 33 495 |
Резерв (күту парағы) бойынша барлығы: 389 317 595 | |||||
Жиынтығы: 1 713 074 000 |
2023 жылғы 21 ақпандағы | |
№ 12 қаулысына | |
2- қосымша |
2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.11.2023 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшемшарттары | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия лар нормативтері, теңге | Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі | Өтінімді беру мерзімі |
1 | Ірі қара малдың аналық басы |
1) өтінім берген сәтте 18 айдан асқан сиырлар мен қашарлардың өзінің аналық басының болуы; | бас | 20 000 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорымен және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен интеграцияланған өзара іс-қимыл |
Ағымдағы жылдың 1 мамырынан |
2 | Ұсақ малдың аналық басы |
1) өтінім берген сәтте 12 айдан асқан қойлар мен ешкілердің өзінің аналық басының болуы; | 5000 | |||
3 | Жылқылар дың аналық басы |
1) өтінім берген сәтте 36 айдан асқан, өзінің аналық басының болуы; | 20 000 | |||
4 | Түйелердің аналық басы |
1) өтінім берген сәтте 18 айдан асқан, өзінің аналық басының болуы; | 20 000 |