Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 12 "2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 177 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 қарашада № 4635-12 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 12 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4542-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы"; 

      1 және 2 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 10 қарашадағы
  № 177 қаулысына 1- қосымша
  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 21 ақпандағы
  № 12 қаулысына 1- қосымша

2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидиялар көлемі

Субсидиялар сомасы, теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/ шағылыстыру маусымы

10 000

51

510 000

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

15 000

10

150 000

2

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып алынған бас

150 000

1

150 000

3

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

3.1

Отандық

сатып алынған бас

150 000

1

150 000

Барлығы: 960 000

Қой шаруашылығы

4

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

4.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/ шағылыстыру маусымы

4000

10

40 000

4.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

2500

20

50 000

5

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

15 000

1

15 000

Барлығы: 105 000

Етті құс шаруашылығы

6

Құс етін өндіру құнын арзандату

6.1

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

50

1 838 350

91 917 500

Барлығы: 91 917 500

Жылқы шаруашылығы

7

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

100 000

1

100 000

Барлығы: 100 000

Түйе шаруашылығы

8

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

сатып алынған бас

100 000

1

100 000

Барлығы: 100 000

Жергілікті бюджеттен бюджет қаражаты есебінен:

9

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

9.1

Ірі қара малдың аналық басы

бас

20 000

2 367

47 340 000

9.2

Ұсақ малдың аналық басы

5000

51 188

255 940 000

9.3

Жылқылардың аналық басы

20 000

29 053

581 060 000

9.4

Түйелердің аналық басы

20 000

16 631

332 620 000

10

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

3 271

179 905

Барлығы: 1 217 139 905

2022 жылда резервке (күту парағы) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар

11

Құс етін өндіру құнын арзандату

11.1

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

50

393 482

19 674 100

12

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

12.1

Ірі қара малдың аналық басы

бас

20 000

728

14 560 000

12.2

Ұсақ малдың аналық басы

5 000

20 826

104 130 000

12.3

Жылқылардың аналық басы

20 000

8 816

176 320 000

12.4

Түйелердің аналық басы

20 000

3 730

74 600 000

13

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

609

33 495

Резерв (күту парағы) бойынша барлығы: 389 317 595

Жиынтығы: 1 699 640 000

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 10 қарашадағы
  № 177 қаулысына 2- қосымша
  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 21 ақпандағы
  № 12 қаулысына 2 – қосымша

2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты

Өлшемшарттары

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия лар нормативтері, теңге

Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі

Өтінімді беру мерзімі

1

Ірі қара малдың аналық басы

1) өтінім берген сәтте 18 айдан асқан сиырлар мен қашарлардың өзінің аналық басының болуы;
2) жайылымдардың болуы

бас

20 000

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорымен және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен интеграцияланған өзара іс-қимыл

Ағымдағы жылдың 1 мамырынан
20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда)

2

Ұсақ малдың аналық басы

1) өтінім берген сәтте 12 айдан асқан қойлар мен ешкілердің өзінің аналық басының болуы;
2) жайылымдардың болуы

5000

3

Жылқылар дың аналық басы

1) өтінім берген сәтте 36 айдан асқан, өзінің аналық басының болуы;
2) жайылымдардың болуы

20 000

4

Түйелердің аналық басы

1) өтінім берген сәтте 18 айдан асқан, өзінің аналық басының болуы;
2) жайылымдардың болуы

20 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады