Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж.Матаев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 5/48 шешіміне қосымша |
Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 "Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3546 болып тіркелген).
2. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 33/410 "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 "Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4146 болып тіркелген).
3. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 5/64 "Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 "Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.
4. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 16/181 "Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 "Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.