Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 9/109 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Маңғыстау облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 27529 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Маңғыстау облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.
Медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмек алуға жіберілетін азаматқа және еріп жүретін адамға (бір адамнан аспайтын) темір жол көлігінде, эконом-класс тарифі бойынша әуе көлігінде жол жүру құнын төлеу жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |