Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Маңғыстау облысында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.
Медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмек алуға жіберілетін азаматқа және еріп жүретін адамға (бір адамнан аспайтын) темір жол көлігінде, эконом-класс тарифі бойынша әуе көлігінде жол жүру құнын төлеу жүзеге асырылады.
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 27.09.2023 № 5/51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысының азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы" 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 32/387 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4057 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |