"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12353 болып тіркелген), Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мұнайлы ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2023 жылғы 8 желтоқсандағы | |
№ 7/75 шешіміне қосымша |
Мұнайлы ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы мәслихатының 30.09.2024 № 15/157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Маршрут атауы және (немесе) нөмірі | Маршрут түрі |
1 | 2 | 3 |
1 | №13А "Маңғыстау – Дәулет – Қызылтөбе" | Ауданішілік |
2 | "Маңғыстау – Атамекен" | Ауданішілік |
3 | "Маңғыстау – Батыр" | Ауданішілік |
4 | "Маңғыстау – Баянды" | Ауданішілік |