Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтау қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 мамырдағы №2/8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4557-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы | С. Закенов |