Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 мамырдағы № 2/8 "Ақтау қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 8/45 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 желтоқсанда № 4646-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтау қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 мамырдағы №2/8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4557-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы С. Закенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады