"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12353 болып тіркелген), Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Ақтау қаласы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
2023 жылғы 28 желтоқсандағы | |
№ 8/90 шешіміне қосымша |
Ақтау қаласы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы мәслихатының 30.09.2024 № 15/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Маршрут нөмірі | Маршрут түрі |
1 | № 1 | Қалалық |
2 | № 2 | Қалалық |
3 | № 3 | Қалалық |
4 | № 4 | Ақтау қаласы-Өмірзақ ауылы |
5 | № 4м | Ақтау қаласы-Өмірзақ ауылы |
6 | № 5 | Қалалық |
7 | № 6 | Ақтау халықаралық әуежайы-Ақтау қаласы (демалыс аймағы) |
8 | № 7 | Ақтау қаласы-Өмірзақ ауылы ("Рауан" тұрғын-үй массиві) |
9 | № 8 | Қалалық |
10 | № 9 | Қалалық |