"Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Теңге ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 6 мамырдағы қорытындысының негізінде, Теңге ауылының әкімі ШЕШТІМ:
1. Жаңаөзен қаласы Теңге ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
"Әліби Жангелдин" көшесін "Әлихан Бөкейхан" көшесіне;
"Фетисов" көшесін "Әлихан Бөкейхан" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теңге ауылының әкімі | Т. Шаудирбаев |