Жаңаөзен қаласы Теңге ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы әкімінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 32 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 маусымда № 4580-12 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Теңге ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының  2021 жылғы 6 мамырдағы қорытындысының негізінде, Теңге ауылының әкімі ШЕШТІМ:         

      1. Жаңаөзен қаласы Теңге ауылының келесі көшелері қайта аталсын:         

      "Әліби Жангелдин" көшесін "Әлихан Бөкейхан" көшесіне;             

      "Фетисов" көшесін "Әлихан Бөкейхан" көшесіне.         

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.          

      3. Осы  шешім  оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

      Теңге ауылының әкімі Т. Шаудирбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады