Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 28/196 "Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 2/8 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 4553-12 болып тіркелді

      Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы №28/196 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2561 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Бейнеу ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережесінде:

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Құрмет грамотасы аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен марапатталушының жұмыс істейтін еңбек ұжымында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында салтанатты түрде табыс етіледі.";

      13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Құрмет грамотасы – беткі жағында Елтаңба белгісімен және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті папка. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

      Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы А. Бораш

О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 24 ноября 2014 года № 28/196 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района"

Решение Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 25 апреля 2023 года № 2/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 28 апреля 2023 года № 4553-12

      Бейнеуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бейнеуского районного маслихата от 24 ноября 2014 года №28/196 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2561) следующие изменения:

      в Положении о награждении Почетной грамотой Бейнеуского района:

      пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Почетная грамота в торжественной обстановке вручается председателем районного маслихата, либо акимом района или его заместителями в трудовых коллективах, по месту работы награжденного, на сессиях маслихата, совещаниях и собраниях актива района.";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Почетная грамота – папка голубого цвета с изображением герба на лицевой стороне и надписью на государственном языке "Құрмет грамотасы" со вкладышем. Вкладыш изготавливается типографским способом из плотной бумаги белого цвета.

      Левая сторона разворота вкладыша обрамлена национальным орнаментом, а в верхней части правой стороны изображен Государственной Герб Республики Казахстан. Внизу изображения Государственного Герба Республики Казахстан отводится место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого. Под текстом параллельно размещаются подписи акима района и председателя районного маслихата.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Бейнеуского районного маслихата А. Бораш