Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейнеу ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №56/453 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4364 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1 қосымшада:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы | А. Бораш |