Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі №319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3984 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларында:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Г. Ниязов |