"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Маңғыстау ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №3/19 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4577-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Махмутов |