"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жариялағанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 25 мамырдағы | |
№ 215 қаулысына | |
қосымша |
Қостанай облысы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Бағыты | Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің саны | Бір білім алушыға және тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың айына орташа құны (теңге) | ||
қала | ауыл | қала | ауыл | ||
1 | Ғылыми-техникалық | 145 | 145 | 16217 | 17665 |
2 | Жаратылыстану-математикалық | 41 | 41 | 8735 | 8875 |
Жиыны | 186 | 186 | 24952 | 26540 |