Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 7 тамыздағы № 224 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3691 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Төсбелгі "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" деген жазу мен тиісті аумақтың елтаңбасы (рәмізі) бар металда орындалады.
Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматының куәлігі қатты мұқабамен жасалады, оған облыс, аудан (облыстық маңыздағы қала) әкімі және тиісті мәслихаттың төрағасы қол қояды.
Ескерткіш лента ұзындығы екі метр және ені 20 сантиметр, алтын түспен жазылған жібек лентадан немесе көгілдір түсті материалдан дайындалады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | М. Жутаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімінің аппараты"
ММ басшысы
________________________________
2023 жылғы "___" ________________
"Қостанай облысы әкімдігінің қаржы
басқармасы" ММ басшысы
________________________________
2023 жылғы "___" ________________
"Қостанай облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
ММ басшысы
___________________________________
2023 жылғы "___" ___________________