Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қостанай облыстық мәслихатының "Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3764 болып тіркелген);
2) Қостанай мәслихатының "Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 15 наурыздағы № 131 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7011 болып тіркелген).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 27 желтоқсандағы | |
№ 106 шешіміне | |
қосымша |
Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекаралары