"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуі;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |
Лисаков қаласының әкімдігі | |
2023 жылғы 6 қазандағы | |
№ 290 қаулысына | |
қосымша |
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
1. Лисаков қаласы, 1 шағынауданы, № 10 өндірістік ғимараттың тұғыры;
2. Лисаков қаласы, 1 шағынауданы № 3 тұрғын үйдің тұғыры;
3. Лисаков қаласы, 1 шағынауданы № 32 коммуналдық қызмет көрсету объектісінің тұғыры;
4. Лисаков қаласы, 2 шағынауданы, № 32 сауда объектісінің жанындағы тұғыр;
5. Лисаков қаласы, 3 шағынауданы, № 2а сауда объектісінің жанындағы тұғыр;
6. Лисаков қаласы, 3 шағынауданы, № 26 сауда объектісінің тұғыры;
7. Лисаков қаласы, 4 шағынауданы, № 26 сауда объектісінің жанындағы тұғыр;
8. Лисаков қаласы, 5 шағынауданы, № 4 тұрғын үйдің жанындағы тұғыр;
9. Лисаков қаласы, 6 шағынаудан, № 1 тұрғын үйдің жанындағы тұғыр;
10. Лисаков қаласы, 6 шағынаудан, № 1А сауда объектісінің тұғыры;
11. Лисаков қаласы, 7 шағынауданы, № 8А қоғамдық ұйым объектісінің жанындағы тұғыр;
12. Октябрь кенті, № 31 сауда объектісінің жанындағы тұғыр, Алматы көшесі;
13. Октябрьский кенті, № 62В сауда объектісінің тұғыры, Уральская көшесі.