Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2021 жылғы 8 қазандағы № 47 "Меңдіқара ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24811 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 4 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";
көрсетілген шешімге қосымшаның 6 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3 - қосымшасына сәйкес ұсынылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудаңдық мәслихаттың төрағасы | К. Рахметкалиев |