Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 22.05.2024 № 127 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 "Меңдіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5241 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 3 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бұйрығына айқындалған тәртіппен есептейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудаңдық мәслихаттың төрағасы | К. Рахметкалиев |