Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес аудан мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мынадай шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Мәслихаттың "Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7675 болып тіркелген) шешімі;
2) Мәслихаттың "Мәслихаттың 2018 жылғы 15 наурыздағы № 180 "Таран аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 329 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8831 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин аудан маслихатының төрағасы | Д. Мартин |