Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 26.04.2024 № 126/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7274 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасындағы "Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын дәрілік заттар" бөлімі келесі мазмұндағы жолдарымен толықтырылсын:
"56. "Анакинра", Ювенильдік идиопатиялық артрит ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді;
57. "Даратумумаб", Көптеген миелома ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | И. Теренченко |