Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі "2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" № 90/2 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 180071 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулы қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 336/4 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
Бюджет | Субсидия көлемдері, мың теңге | |||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | |
Республикалық | 42 288 | 589 492 | 627 890 | 140 330 |
Жиыны: | 1 400 000 |