Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | К. Кожин |
Павлодар қалалық маслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 80/9 шешіміне қосымша |
Павлодар қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі "Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары" № 282/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3930 болып тіркелді);
2. Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі "Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары" № 283/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 болып тіркелді);
3. Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі "Павлодар қаласы Жетекші ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары" № 284/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 болып тіркелді);
4. Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі "Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары" № 285/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3928 болып тіркелді);
5. Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі "Павлодар қаласы Мойылды ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары" № 286/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3927 болып тіркелді).