Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 05.12.2023 № 71/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 40/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7287 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
6-тармақ жаңа редацияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің тізбесі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
6) 25 қазан – Республика қүні.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті орган табыстарын есепке алмай әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында, 7) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;
Отан қорғаушы күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарында, 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;
Жеңіс күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші,сегізінші абзацтарында, 3), 4) тармақшаларында, 5) тармақшаның төртінші және бесінші абзацтарында, 6) тармақшаның екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
Республика күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармақтың 7) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарында, 8) тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үйді жөндеуге 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшаның үшінші абзацында, 4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында, 6) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 50 (елу) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға);
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін санаторлық-курорттық емделуге 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін санаторлық-курорттық емделуге 10 (он) АЕК мөлшерінде;
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін 100 (жүз) АЕК мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі - өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты ай ішінде;
Ақсу қаласының полиция бөлімі мен Ақсу қаласының пробация қызметі ұсынатын тізім негізінде 7-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның, Ақсу қаласының медициналык мекемелерінің тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға);
Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақтың үшінші абзацында, 4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында, 6) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде (коммуналдык қызметтерге);
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидалардың 13 тармағының 1), 3) тармақшасында қөрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш және уәкілетті органның тізімі негізінде 7- тармақтың 8) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін, өзіне өзі қызмет көрсету және (немесе) жүріп-тұру қабілетін ішінара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары мүгедектігі бар адамдар (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) жалғызілікті мүгедектігі бар адамдарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады;
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 26186 (жиырма алты мың бір жүз сексен алты) теңге мөлшерінде;
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде 7-тармақтың 13) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін амбулаторлық емделу кезінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде, 7-тармақтың 13) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс шегінің екі еселеген мөлшерінде;
5) әлеуметтік көмек мерзімді (жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:
уәкілетті органның тізімі негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқудың нақты құны мөлшерінде.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы | М. Омаргалиев |