Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 87/11 "Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 70/10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 7436-14 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 119/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының "Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2017 жылғы 17 наурыздағы № 87/11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5458 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада 5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омаргалиев

О внесении изменения в решение Аксуского городского маслихата от 17 марта 2017 года № 87/11 "Об определении размера и порядка оказанияжилищной помощи погороду Аксу"

Решение Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 5 декабря 2023 года № 70/10. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 6 декабря 2023 года № 7436-14. Утратило силу решением Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 28 марта 2024 года № 119/18

      Сноска. Утратило силу решением Аксуского городского маслихата Павлодарской области от 28.03.2024 № 119/18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Аксуский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Аксуского городского маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Аксу" от 17 марта 2017 года № 87/11 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5458) следующее изменение:

      в приложении пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Аксуского городского маслихата М. Омаргалиев