Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 237/47 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6290 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ташенев |