Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 62/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 787 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин аудандық мәслихатының төрағасы | Т. Даулетов |