Железин ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 29/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 маусымда № 7354 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 62/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 62/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 787 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т. Даулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады