Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына,Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 -тармағына, Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі Иса Байзақов ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Байзақов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдады:
1. Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі Иса Байзақов ауылының Николаев көшесі - Қабыш Көктаев көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байзақов ауылдық округінің әкімі | А. Сыздыков |