Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен аудандық мәслихатының "Успен ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" 2017 жылғы 8 қарашадағы № 102/21 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5698 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Успен ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:
ереженің 4, 6, 7–тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.
Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Успен аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының төрағасы және Успен ауданының әкімі қол қояды.
Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.
7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда марапатталушыға жеке тапсыру етіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша тұлға тапсыру етеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Бараисов |