Успен ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 102/21 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қарашада № 5698 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Успен ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

      2. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі "Успен ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4050 болып тіркелген, 2014 жылы 10 қазанда "Апта айнасы", "Сельские будни" газеттерінде жарияланған) № 207/38 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

  Успен аудандық мәслихатының
2017 жылғы 8 қарашадағы
№ 102/21 шешімімен
бекітілген

Успен ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Успен ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және Успен ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

      2. Құрмет грамотасымен Успен ауданының алдында сіңірген еңбектерін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

      3. Аудандық мәслихатына Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдарды аудандық мәслихатының депутаттары, ауданының әкімі, аудандық бюджетінен қаржыландырылатын ауданының атқарушы органдардың, ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданының ауыл округтерінің әкімдері, ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

      4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында наградталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

      Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 02.10.2023 № 45/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Успен ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

      5. Құрмет грамотасының формасы:

      қазақ тілінде: Успен ауданының Құрмет грамотасы;

      орыс тілінде: Почетная грамота Успенского района.

      Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.

      Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде "Успен ауданы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Успенский район" жазулары бейнеленген.

      Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.

      Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.

      Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.

3-тарау. Успен ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

      6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Успен аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

      Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының төрағасы және Успен ауданының әкімі қол қояды.

      Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 02.10.2023 № 45/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда марапатталушыға жеке тапсыру етіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша тұлға тапсыру етеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 02.10.2023 № 45/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар аудандық мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

      9. Наградтау бойынша материалдар аудандық мәслихатында сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады