Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1/53 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1128 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |