Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28868 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 1/217 Бұйрығына қосымша |
|
Алматы қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына қосымша |
Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi
р/с | Мектепке дейінгі ұйымның түрі | Тәрбиеленушілер саны | Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Айына бір балаға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) |
1 | Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік) | 36 750 | 45 603 | 25 000 |
2 | Бөбекжай-балабақша (жеке меншік) | 37 883 | 45 603 | 25 000 |
3 | Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы арнайы топтар) | 224 | 81 278 | - |
4 | Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы мектепалды топтар) | 210 | 19 909 | - |