Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 1/217 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 наурызда № 1722 болып тіркелді

      Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" 2022 жылғы 20 шілдедегі № 3/342 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28868 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

  Алматы қаласы
әкімдігінің 2023 жылғы
31 наурыздағы № 1/217
Бұйрығына қосымша
  Алматы қаласының
әкімдігінің 2022 жылғы
20 шілдедегі № 3/342
қаулысына қосымша

Алматы қаласының мектепке дейiнгi ұйымдарында мектепке дейiнгi тәрбие мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi

р/с

Мектепке дейінгі ұйымның түрі

Тәрбиеленушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Айына бір балаға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

1

Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік)

36 750

45 603

25 000

2

Бөбекжай-балабақша (жеке меншік)

37 883

45 603

25 000

3

Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы арнайы топтар)

224

81 278

-

4

Бөбекжай-балабақша (мемлекеттік бөбекжай-балабақшалардың жанындағы мектепалды топтар)

210

19 909

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады