Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1463 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Тогизбаева |