Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 1 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 шілдеде № 1730 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1463 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Н. Тогизбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады