"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы шегіндегі 2018-2027 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 тамыздағы № 24/4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4905 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | В. Бубенко |