"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Смирново ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 8 шілдедегі қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Смирново ауылдық округінің Смирново ауылының көшелері қайта аталсын:
Зеленая көшесін Желтоқсан көшесіне;
Октябрьская көшесін Жұмабек Тәшенов көшесіне;
Труд көшесін Геннадий Зенченко көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы | Д.Кожин |