Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округінің Смирново ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 қаңтарда № 15-0-7439 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Смирново ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 8 шілдедегі қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Смирново ауылдық округінің Смирново ауылының көшелері қайта аталсын:

      Зеленая көшесін Желтоқсан көшесіне;

      Октябрьская көшесін Жұмабек Тәшенов көшесіне;

      Труд көшесін Геннадий Зенченко көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы Д.Кожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады