Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 07.11.2023 № 11-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына,"Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 05 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Ақжар ауданы бойынша туристерді орналастыру орындардағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар аудандық мәслихат төрағасы | М. Жүсіпбеков |